"Ештеңеден қорықпаңдар": Тәліптер Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді

"Ештеңеден қорықпаңдар": Тәліптер Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді

"Ештеңеден қорықпаңдар": Тәліптер Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді
ашық дереккөзі

Ауғанстандағы елші тәліптермен ("Талибан" қозғалысына Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған) сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Саяси деңгейде байланыс болған жоқ. Бірақ Кабулдағы елшілігіміз мәліметінше, "Талибан" қозғалысы Кабулды басып алған кезде, олар сол жерге барған, олардың кейбірі біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген. Ол кезде күзетшілер болмаған. Тәліптер келгенде, елші олармен сөйлесуге шықты. Олар: "Сіз кімсіз? Қай елшілік?" - деп сұраған. Елшіміз Қазақстан елшілігі екенін айтты. Олар: "Ештеңеден қорықпаңдар. Бұрынғыдай жұмыс істей беріңдер. Біздің қорғауымызда боласыңдар" деген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетеді. Әзірге тек осы деңгейде байланыс болды", - деді Ақан Рахметуллин ОКҚ онлайн-брифингінде.