Жаңа оқу жылы: Тамыз конференциясында домбыра курсын енгізу ұсынылды
Жаңа оқу жылы: Тамыз конференциясында домбыра курсын енгізу ұсынылды
Биылғы «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Тамыз конференциясының аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Назарбаев зияткерлік мектептері АҚ ұйымдастырған музыка пәні секция жұмысының отырысы өтті.
Секция жұмысында 2021-2022 оқу жылдарында музыка пәні бойынша болатын өзгерістер қызу талқыға түсті. Оның ішінде биылғы 2021-2022 оқу жылындағы басты ерекшеліктің бірі – мектептің таңдауы бойынша, қазақ тілінде оқытатын мектептердің 6-сыныптарында музыка пәні шеңберінде «Домбыра үйрену» курсын аптасына 1 рет жүргізу болып отыр.