Өрт сөндіру көлігінің жолын бөгеген 5 жүргізушіге айыппұл салынды

Өрт сөндіру көлігінің жолын бөгеген 5 жүргізушіге айыппұл салынды

Өрт сөндіру көлігінің жолын бөгеген 5 жүргізушіге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Семей қаласында өрт сөндіру көлігінің жолын бөгеген 5 жүргізушіге айыппұл салынды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру көлігінің қозғалысына кедергі келтіретіндерді жауапқа тарту мақсатында арнайы рейд жүргізілді. «Өрт сөндірушілер ғимараттар мен тұрғын үйлердегі қызыл жалынды ауыздықтауға аттанғанда көліктердің барар жолды бөгеп тұруы көп кедергі келтіреді. Осыған байланысты полицейлер мен құтқарушылар Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына рейдке шықты. Шара барысында 5 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды», - делінген ақпаратта. Осы ретте, департамент мамандары жүргізушілерге көлікті аулаларға қойғанда жолды бөгемей, өрт сөндіру техникалардың қозғалысына кедергі келтірмеуді сұрайды.