Анасы дүкен аралап жүрген: ШҚО-да жоғалған 3 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жоғалған 3 жасар бала табылды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, «102» жедел арнасына қоңырау шалған әйел ұлының жоғалғанын айтқан. Әйел дүкен аралап, үйге азық-түлік алып жүргенде 3 жасар баласы жоғалып кеткен. Өз бетімен дүкен маңайын қанша іздегенімен одан еш нәтиже шықпады.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Талғат Сағынғанов бүлдіршінді үй аулаларының бірінен тауып алған. Бала анасын іздеп жылап жүріпті. Тәртіп сақшысы оны бірден шешесіне жеткізді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұлының аман-есен табылғанына қуанған әйел жедел әрекет еткен полицейлерге алғысын білдірді.

Back to top button