Халифа Алтайдың немересі: Норвегияда аз ғана қазақ тіліміз бен дәстүрімізді сақтап отырмыз

Халифа Алтайдың немересі: Норвегияда аз ғана қазақ тіліміз бен дәстүрімізді сақтап отырмыз

Халифа Алтайдың немересі: Норвегияда аз ғана қазақ тіліміз бен дәстүрімізді сақтап отырмыз
ашық дереккөзі

Көпшілік Еуропада туып-өскен қазақтар, әсіресе жастар қазақ тілін білмейді деп ойлайды. Бірақ Нор­ве­гия астанасы Ослода туып-өскен Мехмет Алтай бұ­­лай ойлау қате екенін алға тартады. Мехмет – Құ­ран­ды қазақ тіліне тәржімалаған ғалым, дін және қо­ғам қайраткері, жазушы Халифа Алтайдың не­мересі. Шетте туса да, қазақ тілінде еркін сөйлеп, мә­­дениетін ұстанатын Мехметке хабарласып, әң­гі­ме­ге тартқан едік.

[caption id="attachment_153457" align="alignnone" width="1200"] width= Тамырын тереңге жайған Халифа Алтай әулеті[/caption]

– Еуропада тұратын қазақтардың ба­сым бөлігі әр жылдары Түркиядан қо­ныс аударғаны белгілі. Сол секілді сіз де Норвегияға Түркиядан көшіп кел­діңіз бе?

– Жоқ, мен 1986 жылы Норвегия ас­та­на­сы Осло қаласында дүниеге келгенмін. Әкем 1970 жылдары Түркиядан Норвегияға қо­ныс аударған. Анам Сәния екеуі сонда қа­лып жұмыс істеуді ұйғарған. Алайда 1993 жы­лы әкем «Норвегияда осы тұрғанымыз же­тер. Туыстар жаққа қайтайық» деп бізді Түр­­кияға көшіріп әкетті. Түркияда мектепті бі­тірген соң, Стамбұл техникалық универ­си­­тетіне инженердің оқуына түстім. 2006 жы­лы әкем қатты сырқаттанып қалды, сөй­­тіп, дұрысы ол кісінің Норвегияда ем-дом алғаны жөн болар деп, отбасымызбен Нор­вегияға қайта көштік. Сосын 20 жа­сымда Тронхейм қаласында орналасқан Нор­вегия ғылым және техникалық уни­вер­ситетінде электронды инженерия маман­дығы бойынша білім алдым. Кейіннен м­а­гистратура бөлімінде оқыдым. Қазір Ослода Silicon Labs деген америкалық компанияда аға инженер-электроник болып жұмыс іс­теймін. Әпкем Дилек те осында мемле­кет­тік қызмет атқарады. Өзім Гүлжан есімді Түр­кияда туып-өскен қазақ қызымен шаңы­рақ құрғанмын. [caption id="attachment_153460" align="alignright" width="323"] width= Мехмет Алтай ата-анасы, әпкесімен[/caption]

– Түркиядан Қазақстанға біржола қоныс аударып, ислам дінін уағыздап, оның ел арасында таралуына айрықша үлес қосқан атаңыз Халифа Алтай қайтыс болғанда он жеті-он сегіз жаста бол­ған екенсіз, есептеп қарасам. Ол кісі туралы есте қалған естеліктер көп шы­ғар...

– Иә, атам қайтыс болғанда он жеті жас­­­та болатынмын. Әлбетте, біраз нәрсе есім­де. Ең есімде қалғаны, бәрімізге үнемі уа­­ғыз-насихат айтып, біздің бола­ша­ғы­мыз­ға қатты алаңдайтын. Норвегияда немесе Түркияда болсақ та хабарласып, бар­лы­ғы­мызбен әңгімелескенді жақсы көретін. Тіпті қайтыс болардың алдында да бізбен сөй­лесті. Халифа атаның төрт ұлы, атап айт­сам, Әбдулсаттар, Әбдулсамет, Әбдірайым мен Аднан және Шәкира, Шәкура, Мәшкура мен Әйтен атты төрт қызы бар. Мен ол кісі­нің үлкен ұлы Әбдулсаттардың баласымын. Атам­ның менен бөлек, он алты немересі бар. Сол немерелерден тараған шөберелер қан­шама. Олардың барлығы атаның қандай ғұ­лама, ғалым болғанын жақсы біледі. Атам­ның мыңдаған аударма жұмысынан бө­лек, қызық деректерге толы бірнеше туын­дысы бар. Мысалы, «Атажұрттан Ана­долыға дейін» атты туындысында ол кісі Алтайдан Гималайға, сосын Үндістан мен Пәкістанға, ақыр соңында Түркияға келіп тоқ­таған қазақтардың көшін сипаттап жаз­ған. Ал «Естеліктер» деген шығармасында ба­ла кезінен түртіп жүрген ерекше есте­лік­тер­ді тізіп шыққан. Одан бөлек, «Қазақ түрік­­терінің шежіресі» атты тамаша туын­ды­сы бар. [caption id="attachment_153459" align="alignnone" width="1200"] width= Атажұртқа келгенде[/caption]

– Көпшілік Халифа Алтайды «Құ­ран­ды қазақ тіліне аударған ғалым» деп біледі ғой?

– Қазақтар атамды молда, ғалым деп та­­ныса, ол кісі біз үшін немерелері десе жа­нын төсеуге әзір жан болды. Жоғарыда ай­тып өткенімдей, ол кісі бізбен әңгіме-дүкен құр­ғанды жақсы көретін. Әлі есімде, жасы жет­піске таяса да, бізбен бірге жас балаша ой­найтын. Сондай-ақ, қалжыңмен қағытып, әсер­лі әңгіме айтып, бізді үнемі күлдіруге ты­рысатын. Тағы бір есімде қалғаны, атам мені Құран курсына ертіп апар­ған болатын. Сол кезде жиналған көп­шілікке «Мына бала – менің немерем!» деп мені ерекше мақтанышпен таныс­тыр­ғаны есімде. Сондай-ақ, Түркияда, Норвегияда оқып жүрген немерелері емтихан тап­сыр­мас бұрын атамның олар үшін дұғада болуын сұрайтын. Атам көпшіл кісі еді ғой. Бар­лығына бірдей қарайтын, ешкімді бөле-жар­майтын. Түркия қазақтарымен қатар, Қа­зақстандағы қазақтардың исламға бет бұруына септігін тигізу үшін тынбай еңбек етке­нін білетін боларсыз. Ол қазақ халқы­ның ислам жөніндегі түсінігі дұрыс қалып­тассын деген мақсатты берік ұстанды. Атам­ның айтқан насихатын біз де әлі күнге дейін жадымыздан шығармаймыз, ол кісі­нің айтып кеткен өсиетінің мән-мағынасын енді түсініп жатқандаймыз.  width=

– Сұхбат басында «Қазақша сөз­де­рім­­­ді түсінбей қалсаңыз, қайта сұрар­сыз. Қазақшам онша емес» дедіңіз. Бір­ақ қазақша тәп-тәуір сөйлеп тұр­сыз...

– Біз үйде қазақша сөйлесеміз. Дегенмен Түркияда өсіп-өнгендіктен, түрік тілін ара­лас­тырып сөйлейміз. Арасында ағыл­шын тілін де қосып қоямыз. Сосын, әлбетте, Норвегияда тұрып жатқан соң, норвег тілін де араластырып сөйлейміз. Ал бірақ толы­ғы­мен қазақ салтын ұстанамыз. Қазақша ет әзір­леп жейміз. Тойда беташар жасаймыз. Қо­наққа бас тартамыз. Кәдеге толы түйін­шек таратамыз. Осы ретте біздің ата-ана­лары­мыздың ерен еңбегін айта кеткен жөн. Өйт­кені олар ана тілін, төл мәдениетті ұмы­тып қалмасын деп, әркез бізбен қазақ­ша сөйлесіп, салт-дәстүр, мәдениет туралы бар білгенін бізге түсіндіріп отыратын. Со­ның нәтижесінде Ослода туып-өссек те қа­зақ тілінің мәртебесі жоғары, қазақ мәде­ние­тінің орны бөлек екенін білеміз. Менің­ше, қазақ тілін үйренемін деген адамға аса қиын­ болмайтын секілді. Түркияда тұратын жас қазақтар Қазақстанға барып, бір ай тұ­рып келсе, қазақ тілінде емін-еркін сөй­лесіп кетеді.  width=

– Норвегияда аз қазақ тұрса да, жиі бас қосатын секілдісіздер.

– Иә. Жаңылыспасам Норвегияда жүзге жуық қазақ тұрады. Олардың басым көп­ші­лігі әкем мен анам секілді 1970-1980 жыл­­дары Түркиядан көшіп келген. Қа­зақ­стан­нан келген қазақтар да бар. Сондай-ақ осын­да университетте оқитын қазақ сту­дент­тер де бар. Әзірше көбісімен дұрыс та­ны­са алмай жүрмін. Бірақ далада қазаққа ұқса­ған біреу көрсем бірден қасына барып «Сен осы Қазақстаннан келген жоқсың ба? Қа­зақ емессің бе? Мен өзім қазақпын» дей­мін. Танымасам да, жақын тартамын. Деген­мен Халифа Алтайдың ұрпақтары екені­міз­ді біліп, сый-құрмет көрсететін қазақтар бар­шылық. Бірде Норвегиядағы Қазақстан ел­шілігінде жұмыс істейтін Ілияс ағамыз үйіне шақырып, бізді қонақ қылды. Ол кісі­нің жолдасы Бибігүл әпкеміздің (Жексенбай – ред.) мамандығы журналист екен, екеуіміз қа­зақ тілі, Қазақстан туралы біраз әңгіме­лестік. Осындай отырыстарда қазақ тілі мен мәдениеті туралы әңгімелесетін сәт туын­дайтынына ерекше қуанамын.  width=

– Білуімізше, атаңыз 1992 жылы Қа­зақстанға біржолата көшіп келген соң, артынша кенже балалары да осын­­да қоныс аударған. Ол кісілер қа­зір де Қазақстанда тұра ма? Елде туыс­тарыңыз бар ма?

– Иә, атамның кенже балалары Әб­ді­райым мен Аднан ағам Алматыда тұрады. Екеуі Қазақстанға 1995 жылы біржолата кө­шіп кеткен болатын. Ал үлкен ұлдары жұ­мысы, жанұясы, балаларының оқуы бол­ғандықтан, шетелде қалған. Ал кенжелері атаның соңынан қалмаймыз деп, елге ба­рып тұрақтаған. Одан бөлек атажұртта атам­­ның бауырының балалары да тұрады. Атам­ның екінші ұлы Әбдулсамет ата Фран­цияда тұрады. Ал қыздары Стамбұлда тұра­ды. Менің әкем 2013 жылы қайтыс бол­ды.

– Өзіңіз Қазақстанға келіп тұратын боларсыз?

– Қазақстанға үш мәрте келдім. Алғаш рет 1995 жылы Семейде Абайдың жүз жыл­дығы тойланған кезде ата-анаммен еріп бар­ғанмын. Сол кезде Алматыда бір ай уа­қыт тұрдық. Ол уақытта тоғыз жастағы ба­ла болған соң көп нәрсе есімде жоқ, бірақ Се­мейге барғаным есімде қалып қойыпты. Екін­ші рет Нұр-Сұлтанда өткен дүниежүзі қа­зақтарының бесінші құрылтайына Нор­вегиядан келген делегат ретінде қатысқан­мын. Сосын 2017 жылы атамның Құдай қос­қан жары, әжем Бибәтіш қайтыс бол­ған­да барғанмын. Жол түссе, тағы да барармын. Негізі, елге барған сайын, таңғалудан жа­лық­паймын. Өйткені ірі мегаполистер ерек­ше қарқынмен дамып, бүкіл әлем қы­зыға қарайтын орынға айналған.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ