Жасөспірім сатушыға пышақ ала жүгіріп, кассаны тонап кеткен

Жасөспірім сатушыға пышақ ала жүгіріп, кассаны тонап кеткен

Жасөспірім сатушыға пышақ ала жүгіріп, кассаны тонап кеткен
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда 17 жастағы жасөспірім дүкендегі сатушыға шабуыл жасап, кассадан 100 мың теңге алып кеткен деп хабарлайды Рolisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Тергеу кезінде 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, сатушыдан сатылымға қойылған ас үй пышағын көрсетуді сұрағаны анықталды. Пышақты қолына алған ол сатушы әйелді қорқытып, ақша талап еткен. Әйел жасөспірімнен пышақты тартып алуға тырысқан. Алайда осы сәтте күдікті оның қолын жарақаттап, кассадағы ақшаны алып, қашып кеткен.
Дүкенде бейнебақылау камералары болған жоқ. Бірақ сатушы күдіктінің белгілері мен киімдерін есіне сақтап қалған. Жедел уәкілдер күдіктінің нақты белгілерін анықтады. Күдікті мінген таксиі арқылы анықталып, ұсталды, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.