«Ашық» қосымшасын енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды

«Ашық» қосымшасын енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды

«Ашық» қосымшасын енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаменті «Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агентттігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, аталған лауазым иесі Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден «Ашық» қосымшасын енгізу үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алған. Күдікті ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексіінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Түркістан қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты түпкілікті үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.