20 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

20 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

20 тамыз: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1963 жылы 20 тамызда Алматы халық шаруашылығы институты құрылды. Ол Республикаға қажетті жоғары білікті экономистерді даярлау проблемасын ұтымды шешті. Алғашқы жылдары интитуттың үш факультеті, күндізгі және сырттай оқу бөлімдері болды. 1994 жылы Астанада «Қазақтардың тарихи-көркем мұрасы» атты бірінші ұлттық мультимедиялық оқыту бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтті. Оқулықтың компьютерлік үлгісі белгілі ғалым Е.Арынның бастамасымен жүзеге асты. 1996 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы екіге бөлініп, Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы құрылды. 2003 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрі құрылды. Шығармашылық ұжымның алғашқы концерті 2004 жылғы наурыздың 21-інде Конгресс-холл сахнасында өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, танымал композитор Секен Тұрысбеков. 2004 жылы Ресейдің мемлекеттік қызмет академиясында қазақстандық «SHYGYS» журналының таныстырылымы өтті. 2007 жылы Петропавлда қазақстандық атақты велошабандоз, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуровке Солтүстік Қазақстанның Құрметті азаматы куәлігі табыс етілді. 2006 жылдың қыркүйек айында, облыстың 60 жылдығы атап өтілген шаралар аясында, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен А.Винокуров тоғыз адамның қатарында «Солтүстік Қазақстанның Құрметті азаматы» атағына лайық деп танылған болатын. 2010 жылы «Қазпошта» АҚ Республиканың Конституция күніне арналған мерейтойлық почта маркасын айналымға шығарды. 2012 жылы «Алматы» велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді. 2012 жылы Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты. 2012 жылы Вашингтондағы Смитсон институтының Фриер және Саклер галереяларында «Көшпенділер және олардың байланыстары: Қазақстанның көне мәдениеті мен өнері» атты көрменің ресми ашылу салтанаты өтті. 2013 жылы Қазақстан делегациясы Гонконг қаласындағы жыл сайынғы «Wikimania-2013» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. 2013 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында XVIII ғасырдың көрнекті тұлғасы, Орта жүз билеушісі Сұлтанбек сұлтан мен оның ұрпақтары Иман мен Жантемірге салтанатты түрде мазар ашылды. 2015 жылы Қазақстанда алғаш рет, Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасында «Жауынгерлік достастық» атты халықаралық конкурс өткізілді. Онда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның әскери қызметшілері алты конкурс бойынша жарысқа түсті. Жарыс барысында Қазақстан армиясының әскери қызметшілері барлық сайыстардан оқ бойы озып алға шықты. Екінші орында – Беларусь Республикасының командасы, үшінші – Ресей Федерациясы. 2016 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы ресми түрде өз жұмысын бастады. 2016 жылы Алматыдағы Дүниежүзілік 28-қысқы Универсиада-2017 медалінің дизайны бекітілді. 2018 жылы Чуньцын қаласында (Қытай) өткен CASTIC-2018 (The 33 China adolescents science &technology innovation contest) ғылыми жетістіктеріне ие жасөспірімдердің ғылыми-техникалық инновациялар байқауында қазақстандық Любовь Дудченко бірінші орын иеленді. Жерлесіміз байқау демеушілерінің тағы екі арнаулы аталымдарын – Гао Шичи атындағы Қордың ақшалай сыйлығын және Чунцын қаласындағы компанияның ақшалай сыйлығын жеңіп алды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие беру орталығы ашылды. Оның мақсаты – өскелең ұрпаққа әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби мұрасын жеткізу.