Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
ашық дереккөзі
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Bедомствоның мәліметінше, әуе кеңістігін қорғау қызметін атқару барысын тексеріп, теңіз жаяу әскерлерінің, арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің және әскери теңізшілердің жауынгерлік даярлығы өтетін оқу-жаттығу алаңдары мен полигондарын аралады.  width= Ақтау әуе базасында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы майдан авиациясы жойғыштарының кезекшілік атқару тәртібі, инфрақұрылымның жай-күйі мен әскери бөлімдегі объектілердің күзеті жөнінде баяндады. Қорғаныс ведомствосының басшысы полигондарда бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тыңдады.  width= Қорғаныс министрі соңғы уақыттағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, енгізіліп жатқан жаңа іс-қимылдың тәсілдері мен тактикалық әдістерінің сапасын тексерді. Сондай-ақ жоғары қарқында жеке құрамды 100% сабақтармен қамтуды және жауынгерлік даярлық үрдісін үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.