Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

Bедомствоның мәліметінше, әуе кеңістігін қорғау қызметін атқару барысын тексеріп, теңіз жаяу әскерлерінің, арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің және әскери теңізшілердің жауынгерлік даярлығы өтетін оқу-жаттығу алаңдары мен полигондарын аралады.

c7400022 ed74 42b9 a5bb d42acc0d2a65

Ақтау әуе базасында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы майдан авиациясы жойғыштарының кезекшілік атқару тәртібі, инфрақұрылымның жай-күйі мен әскери бөлімдегі объектілердің күзеті жөнінде баяндады. Қорғаныс ведомствосының басшысы полигондарда бағынысты әскерлердің жауынгерлік оқуын ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тыңдады.

6082347d bf34 402c a506 846c0000b9ed

Қорғаныс министрі соңғы уақыттағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, енгізіліп жатқан жаңа іс-қимылдың тәсілдері мен тактикалық әдістерінің сапасын тексерді.

Сондай-ақ жоғары қарқында жеке құрамды 100% сабақтармен қамтуды және жауынгерлік даярлық үрдісін үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Back to top button