Үлкен Алматы өзені қызыл түске боялды

Әлеуметтік желілерде қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзенінің видеосы тарады.

«Бұл Үлкен Алматы өзені. Суы қызыл. Мен осы өзеннің бойында тұрамын. Он жыл ішінде мұндайды бірінші рет көруім. Шамасы, химиялық заттар тасталған. Бұл экологиялық апат», – деп жазды бейнежазба авторы.

Алматы қалалық әкімдігінің хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта Үлкен Алматы өзенінің бойында мамандар жүр. Олар Райымбек даңғылының аймағында судың түсі сәл қызғылт екенін мәлімдеді.

Тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

Back to top button