Павлодарда тоқта тұрған ұялы телефон өртеніп, бір адам зардап шекті

Павлодарда тоқта тұрған ұялы телефон өртеніп, бір адам зардап шекті

Павлодарда тоқта тұрған ұялы телефон өртеніп, бір адам зардап шекті
ашық дереккөзі

Павлодарда тоқта тұрған ұялы телефоннан өрт шығып,  бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін таңертең Нұркин көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде болған. Тілсіз жау 20 шаршы метрді шарпыған. Алдымен тоқта тұрған ұялы телефон тұтанған. Содан кейін матрас жанып, артынша өрт бөлмені шарпыған.
"Біз өртті сағат 11:00-де сөндірдік. Үй иесінің қызы – 2002 жылы туған бойжеткен ауруханаға жеткізілді. Денесінің 30 процентін күйік шалды. Жағдайы орташа. Оның бөлмесі толықтай өртеніп кетті", - дейді құтқарушылар.