Көкшетауда мектеп тонаған күзетші ұсталды

Көкшетауда мектеп тонаған күзетші ұсталды

Көкшетауда мектеп тонаған күзетші ұсталды
ашық дереккөзі
Көкшетауда мектепті тонаған күзетші ұсталды. Күдікті ғимараттан 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты алып кеткен. Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биыл 17 тамызда облыс орталығындағы учаскелік полиция инспекторына жергілікті мектептердің бірінің директорынан арыз түсті. Директордың сөзінше, биылғы жылғы тамыздың 13-15 күндері аралығында мектептен 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты белгісіз біреу қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі 1,4 миллион теңгеден асады. «Жедел іздестіру шарасы барысында осы мектептің үш күзетшісінің бірі ұсталды. 28 жастағы ер адам қылмысын мойындады», - деді ведомстводан. Қазіргі кезде, осы қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1-ші бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.