Жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізіледі – БҒМ

Жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізіледі – БҒМ

Жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізіледі – БҒМ
ашық дереккөзі
«Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов. Бұл тұрғыда министр Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенін атап өтті. «Осы орайда жетістіктер университеттердің бірінші басшыларына да байланысты. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды», - деді ол.