Унитазға байланған мүгедек балалар: жағдайға қатысты түсінік берілді

Унитазға байланған мүгедек балалар: жағдайға қатысты түсінік берілді

Унитазға байланған мүгедек балалар: жағдайға қатысты түсінік берілді
ашық дереккөзі
Атырауда «унитазға байланған мүгедек балалар» туралы видеоға түсінік берілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариеваның айтуынша, бұл видеоны биылғы жылдың 8 сәуірінде шаруашылық маманы түсірген. «Басқарма басшылығы аталған видеоға байланысты №3 облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен жиын өткізіп, түсінік жұмысын жүргізді. Тиісті бақылау жүргізбеген орталық директорына «қатаң сөгіс» беріліп, тәртіптік жаза қолданылды», - деді Альфия Төлеғариева. Маусым айында облыстық прокуратура орталықтағы балалардың құқығын қорғау заңдылығына кешенді тексеру жүргізген. Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен ҮЕҰ өкілдері орталықтағы қызмет көрсету барысымен танысқан. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары мен кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия прокуратура, депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өткізген. Комиссия мүшелері орталықты аралап, балалардың жағдайымен, тамақтану жайымен жіті танысқан. Альфия Төлеғариеваның айтуынша, орталықта мүлік ұрлығы орын алып, оған шаруашылық бикесінің қатысы бары анықталған. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шаруашылық бикесі істің мән-жайы анықталғанға дейін қызметтен уақытша шеттетілді. Қазір ол орталықтың қызметкері емес. Орталық ұжымы оның үстінен облыс прокурорының атына ұжымдық арыз жазды. Арызда оның қызметтік этиканы сақтамауы, ұрлыққа барғаны, жала жабу мен басқа да заңбұзушылықтар туралы айтылған. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасы таралған бейнежазбаға қатысты тексеру жүргізуде», - дейді Альфия Төлеғариева.