Ұстаздар оқулықтарды өзі таңдайтын болады – министр

Ұстаздар оқулықтарды өзі таңдайтын болады – министр

Ұстаздар оқулықтарды өзі таңдайтын болады – министр
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында еліміздің ұстаздары оқулықтарды өзі таңдайтыны туралы айтты. «Оқулықтардың альтернативтілігі қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытта заңнамаға тиісті өзгерістер дайындап жатырмыз. Бұл тұрғыда 1-ден 11-сынып аралығындағы оқулықтардың альтернативтілігі ескеріліп отыр. Біздіңше, бұл өте маңызды мәселе. Осы орайда тиімді деп саналатын оқулықтарды педагогтардың өздері таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды. Қазір бізде бірыңғай оқулықтар бар. Олар бейінділікті ескерместен, гимназия, лицей және жалпы білім беретін мектептер үшін бірыңғай әрі бірдей болып тұр», - деді А. Аймағамбетов. Оның айтуынша, бұл норма осы мақсатты шешуге және педагогтар сұранысын ескере отырып, тапсырыс беруге мүмкіндік береді. «Тек, бірыңғай оқулықтар Қазақстан тарихы мен Дүниежүзілік тарих бойынша сақталады. Бұл оқулықтар бірыңғай бағдарлама бойынша жүреді. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар пысықталып жатыр», - деді министр.