«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейтіледі

«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейтіледі

«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейтіледі
ашық дереккөзі
«Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейтілетінін айтты. «Біз оны кезең-кезеңмен жыл сайын өзгертіп жатырмыз. Өткен жылдары бұл мәселені көтеріп, біраз өзгерістер енгіздік. Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, жылдық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі. Оны өте маңызды қағида деп санаймын. Сондықтан осы шешімді де қабылдап отырмыз», - А. Аймағамбетов. Оның айтуынша, түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. «Бұл реформа оң нәжесін береді деп сенемін», - деді министр.