Мектеп директорының жалақысы артады – министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді.

«Қазіргі кезде мектеп басшылығының жалақы мәселесі өзекті болып тұр. Жалақының қазіргі деңгейіне қарап, бәсекеге қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпайды. Жалпы, үздік педагогтар мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі лауазымына бармай жатады», – деді Асхат Аймағамбетов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.

ҚР Осы орайда министр бұл бағытта тиісті өзгеріс керек екенін атап өтті.

«Мектеп директорларының жалақысы ұстаздың еңбекақысынан төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл тұрғыда тәуекелдер деңгейі әртүрлі екені белгілі. Білім министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр», – деді ол.

Back to top button