«Nur Otan» қызметкерлерінің атын жамылып, алаяқтықпен айналысатындар көбейген

«Nur Otan» партиясының қызметкерлерінің атынан хабарласып, халықты алдайтындар көбейген. Сол себепті партия азаматтарды сақ болуға, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Құрметті достар! Соңғы кезде азаматтардан бөгде адамдардың өздерін түрлі құрылымдардың, соның ішінде «Nur Otan» партиясының қызметкерлері ретінде көрсетіп, әлеуметтік төлемдерді алғанын және 1414 сервисінен түскен кодты хабарлау керектігін айтып қоңырау шалуына байланысты шағымдану жағдайлары жиілеп кетті. Партияның баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Азаматтарды сақ болуға және жеке ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге шақырамыз, деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.
Осы мәселеге қатысты шара қабылдау туралы тиісті өтініш құқық қорғау органдарына жолданды.
Back to top button