ШҚО-да вакцина паспортын сатып алған әскери қызметкерлер ұсталды

ШҚО-да вакцина паспортын сатып алған әскери қызметкерлер ұсталды

ШҚО-да вакцина паспортын сатып алған әскери қызметкерлер ұсталды
ашық дереккөзі

ШҚО-да әскери қызметкерлер вакцина паспортын сатып алғаны анықталды. Бұл туралы Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемендегі бөлімі хабарлады.

Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, майор Азамат Мұхаметқалиевтің айтуынша, ведомство қызметкерлері жалған құжат жасағандарды да анықтаған.
"Жалған электрондық вакцина паспорты арқылы әскерилер Ashyq бағдарламасы арқылы басқа ұйымдарға кедергісіз кіріп жүрген. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Азамат Мұхаметқалиев.
ІІМ жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. Ал оны пайдаланғандар 40 күнге қамауға алынуы мүмкін.