Қазақстанда тұратын ауғандықтар Үкіметтен көмек сұрады (видео)

Қазақстанда тұратын ауғандықтар Үкіметтен көмек сұрады (видео)

Қазақстанда тұратын ауғандықтар Үкіметтен көмек сұрады (видео)
ашық дереккөзі

Қазақстанда тұратын ауғандықтар Үкіметтен көмек сұрады, деп хабарлайды astana.tv.

Олардың Ауғанстандағы жақындары өмір мен өлім арасында тұр. Ондағы жағдай қорқынышты. Дүкендер жұмыс істемейді, ештеңе жоқ. Ауруханалар да жұмыс істемейді. Ешкім көшеге шықпайды. Егер оларды осында, Қазақстанға әкелсе ... біз осы мәселені шешуге көмектесуді сұраймыз, дейді Джамшид Мұхаммедқасым. Туғандары үшін Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетінің студенті Саид Сабер Димрал да алаңдайды. Ол Қазақстанда он жылдан бері тұрады. Ауғанстанда оның қарт ата-анасы, ағалары мен қарындасы қалған. Соңғы қоңырау соққанында әкесі онымен қоштасқан екен. Менің әпкем қазір басқа жерде, ол қашып кетті, бауырым да. Әкем, анам білмеймін. Мен тек әкеммен телефон арқылы сөйлесемін. Қысқаша айтқанда, ол Қазақстанда жүрген бауырларыңа қамқор бол деді. Бізден енді ештеңе күтпе не болатынын білмейміз деді, дейді Саид Сабер Димрал. https://youtu.be/ixKPN-l5wgs