Қыркүйекте электр энергиясы қымбаттайды

Қыркүйекте электр энергиясы қымбаттайды

Қыркүйекте электр энергиясы қымбаттайды
ашық дереккөзі

Қыркүйекте электр энергиясының тарифтері ел бойынша орта есеппен 3,5% - ға қымбаттайды.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМР) төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай айтты. Оның айтуынша, маусым айында өңірлердің біразында электр энергиясының бағасы көтерілген, ал күзде қалған облыстар мен қалаларда да баға өсетін болады. Энергетика министрлігі 1 сәуірден бастап энергия өндіруші станциялардың тарифтерін орта есеппен 15%-ға көтерді, бұл ел бойынша электрмен жабдықтау бағасының 12,5%-ға өсуіне, ал түпкілікті тұтынушылар үшін бағаның өсуі 10% болды.