Ұлыбритания 20 мыңға жуық ауған босқынын қабылдамақ

Ұлыбритания 20 мыңға жуық ауған босқынын қабылдамақ

Ұлыбритания  20 мыңға жуық ауған босқынын қабылдамақ
ашық дереккөзі

Ұлыбритания үкіметі 20 мыңға жуық ауған босқынын қабылдауға келісті.

Бұл туралы Daily Telegraph сайты хабарлады. Елдің ішкі істер министрі Прити Пател осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
"Ауған азаматтарын көшірудің жаңа бағдарламасы бізге 20 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Бір жыл ішінде алғашқы 5 мың адам келеді", - деп жазды министр.
Сонымен қатар ол Ұлыбритания жалғыз әрекет ете алмайтынын және басқа Батыс елдерімен бірлесіп Ауғанстан халқына көмек көрсету қажеттігі талқыланып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бұған дейін Ұлыбритания Сириядан 20 мыңға жуық босқынды қабылдау үшін ұқсас бағдарламаны жүзеге асырғанын еске салды.