Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш орнатылды

Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш орнатылды

Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі

Бүгін Ескендір Хасанғалиевтің бейітінде ресми түрде ескерткіш ашылды. Әкемнің жатқан жері жайлы болсын, деп жазды марқұмның ұлы Біржан Хасанғалиев инстаграм парақшасында.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ. Сонымен қатар Ескендір Хасанғалиев жайлы деректі фильм де жарыққа шықты.