Қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
ашық дереккөзі

Маңғыстау және Қызылорда облыстарына азық-түлік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге жем-шөп сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеуге Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді, - деді Қарашөкеев.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысына азық дайындауға қосымша 5,3 млрд теңге бөлу мәселесі шешілді.
Сонымен қатар, азық дайындау проблемаларын шешуге жергілікті бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді, тағы қосымша 4,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Өңірлерге азық дайындау мақсатында қосымша 43,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, - деп нақтылады министрдің міндетін атқарушы.