«Өлімге бас тігу дегенді әкемнен көрдім»: Белгілі әнші басынан өткен оқиғасын айтып берді

«Өлімге бас тігу дегенді әкемнен көрдім»: Белгілі әнші басынан өткен оқиғасын айтып берді

«Өлімге бас тігу дегенді әкемнен көрдім»: Белгілі әнші басынан өткен оқиғасын айтып берді
ашық дереккөзі

Ел есеңгіреп, індет жайлаған шақта екі бірдей асылынан айырылған әнші жан-сырын ақтарды. Бұл туралы Тараз24 арнасына айтып берді.

– Анам ауырып бәріміз дәрі іздедік. Ол кезде дәріханада дәрі жоқ кез. Елдің бәрі сабылып дәрі таппады.  Бар дәрі неге уақытында табылмағаны маған әлі күнге дейін жұмбақ. Алматыға келіп түнгі екіге дейін дәрі іздедік. Таба алмадық. Анамды Таразда ауруханаға алып барды. Дәрігерлер анамды алып қалды. Жөтел де болған жоқ. Өз аяғымен ауруханаға барған еді. "Маған алаңдама, жақсымын" деп айта берді. Мен бірақ сенбедім. Сол түні көз жұмды. Одан кейін әкем екі аптадан кейін сап-сау жүріп, кете салды. "Мына індеттің беті жаман. Жастарды қыратын түрі бар. Мен бұл індет үшін басымды тіктім. Өзімді өлімге қидым. Бәріне ризамын. Індеттен сақтаныңдар" деді. Бір-ақ сәтте екі асылдан айырылу – ауыр соққы, – деді әнші көз жасына ерік беріп.
– Әкем анам қайтқанда “мен қамқоршымнан айырылдым” деп жылаған еді. Анамның қазасы әкеме ауыр тиді. Мен ешқашан басын өлімге тіккен адам көрген емеспін. Әкем мен көрген бірінші адам, – деді әнші.