«Ауғанстанда мыңға жуық эникалық қазақ тұратыны – жалған ақпарат»: СІМ өкілі

«Ауғанстанда мыңға жуық эникалық қазақ тұратыны – жалған ақпарат»: СІМ өкілі

«Ауғанстанда мыңға жуық эникалық қазақ тұратыны – жалған ақпарат»: СІМ өкілі
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желілерде «Ауғанстанда тұратын этникалық қазақтар Қазақстаннан көмек сұрады» деген ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстан мәселесіне қатысты өткізілген брифинг барысында жауап берді.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берген көрінеді.
– Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтініштеріне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігімен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қажет болған жағдайда тарихи Отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды. Өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне осы мәселені ерекше бақылауға алу жөнінде тиісті тапсырма берілді. Бізде бар мәліметтерге сәйкес Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақтардың отбасы тұрады. Кейбір қазақстандық БАҚ Ауғанстанда бірнеше мың этникалық қазақ тұратыны туралы тексерілмеген ақпарат таратты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді, – деді ол.
Сонымен қатар ҚР СІМ тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.  Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз деді ведомствоның ресми өкілі.