Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын білімге жетелейтін «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы алты жылдан кейін қайта оралды. Бұл туралы белгілі тележүргізуші, Мәжіліс депутаты Дана Нұржігіт инстаграм парақшасында жазды.
– Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын білімге жетелейтін
жоба. Алты жылдан кейін эфирге шығады, – дейді тележүргізуші.
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасы – еліміздің түкпір-түкпіріндегі озық ойлы жастардың басын қосып, білім бәйгесінде бағын сынаған үздік тележобалардың бірі.