Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға пәтер кілті табысталды

Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға пәтер кілті табысталды

Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға пәтер кілті табысталды
ашық дереккөзі

Талдықорған қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтер Зульфия Чиншанлоға табысталды. Игорь Сон мен оның жаттықтырушысы Сергей Седов та марапатсыз қалған жоқ. Игорьға екі бөлмелі пәтердің сертификаты берілсе, Седовқа екі миллион теңгеге тең ақшалай сыйақы тарту етілді. Бұл туралы Алматы облысының баспасөз қызметі хабарлады.

– Жарақаттарымызды жазып алуымыз керек. Сосын келесі Оолимпиадаға дайындалатын боламыз. Бұйырса, онда біз алтын үшін таласатын боламыз», – деп уәде етті Игорь Сон.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған болатын.