Жыл басынан бері Түркістан облысында жемқорлыққа жол берген 17 мемлекеттік қызметкер сотталған

Жыл басынан бері Түркістан облысында жемқорлыққа жол берген 17 мемлекеттік қызметкер сотталған

Жыл басынан бері Түркістан облысында жемқорлыққа жол берген 17 мемлекеттік қызметкер сотталған
ашық дереккөзі

Жыл басынан бері Түркістан облысында жемқорлыққа жол берген 17 мемлекеттік қызметкер сотталған.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Хәкім Көшқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл облыста сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған 19 азаматқа қатысты 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Одан бөлек біз 70 қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар жыл басынан бері Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған 22 адам сотталды. Оның ішінде 17-і мемлекеттік қызметкер, қалған 5-уі құқық қорғау органы қызметкерлері», - деді Хәкім Көшқалиев Antikor Live жобасының тікелей эфирінде.
Одан бөлек, департамент басшысы қарамағындағы қызметкері парақорлық әрекетке барғаны үшін бірнеше тұлғаның жауапқа тартылғанын айтты.