Еліміздің батысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады – Қазгидромет

Еліміздің батысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады – Қазгидромет

Еліміздің батысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» мамандары 2021 жылғы тамыздың 19-21 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстанның барлық аймағында антициклон ықпалымен көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана фронталды бөліктердің өтуімен қысқамерзімді жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел соғады. Күндіз солтүстікте 23-30 градус аралығында жылы болады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа дейін ысиды, орталық пен шығыста 17-35 градус аралығында жылы болады. Қазақстанның батысында ғана аптап ыстық болып, сынап бағанасы 32-41 градусқа дейін көтеріледі», - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.