Жыл басынан бері 10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды. Биылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 55,4%, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 26,2% және зейнеткерлер – 18,4%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11% – жоғары білімді, 39,6% – орта кәсіби білімді, 45,6% – жалпы орта білімді және 3,8 пайызының білімі жоқ.