Жыл басынан бері 10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды.

Биылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 55,4%, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 26,2% және зейнеткерлер – 18,4%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11% – жоғары білімді, 39,6% – орта кәсіби білімді, 45,6% – жалпы орта білімді және 3,8 пайызының білімі жоқ.

Back to top button