Хабиб Нурмагомедовпен жүздескен жас боксшы Конор Макгрегормен кездеспек

Хабиб Нурмагомедовпен жүздескен жас боксшы Конор Макгрегормен кездеспек

Хабиб Нурмагомедовпен жүздескен жас боксшы Конор Макгрегормен кездеспек
ашық дереккөзі

10 жастағы қазақстандық боксшы Әмір Байғазин өзінің кумирі, аралас жекпе-жектің әйгілі шебері Хабиб Нурмагомедовпен кездескен еді. Ендігі арманы – Конор Макгрегормен жүздесу. Бұл туралы Әмір жеке инстаграм парақшасында айтты.

– Әмір – аралас жекпе-жек шебері. Бокспен айналысады. «Жас жауынгер» спорт-фитнес клубының мүшесі. Сәпиев, Елеусінов, Тұраров ағаларынан үлгі алып жүр. Хабиб Нурмагомедовтің турниріне қатысу үшін арнайы Алматыға барды. Хабиб бокс қолғабын киіп, аз уақыт мастер класс өткізді. Әмірдің соққылары оны таңғалдырды. Сауығып кетуін тіледі, – дейді «Жас жауынгер» орталығының жетекшісі Садық Байымбетов. Айта кету керек, Әмір ерекше қажеттілігі бар тұлға. Бой өсуі тежелген. Бұл туралы өзі былай деді:
– Достар, менің кішкентай бойыма мән бермеңдер, менде қасқырды жеңетін рух бар. Менің арманым – чемпион болып, еліміздің намысын қорғау. Одан кейін Геннадий Головкин және Конор Макгрегормен жүздесу. Жолығатын күн алыс емес,– дейді Әмірдің өзі.