Министр эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жолдарын атады

Министр эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жолдарын атады

Министр эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жолдарын атады
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жолдарын атады. «Республикадағы эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыруды қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясына шалдығу әрі өлім-жітім өсіміне жол бермеу мақсатында «қызыл» және «қою қызыл» аймақтарда тұрған өңірлерде демалыс күндері локдаун сақтау, мониторинг топтарының жұмысын күшейту, вакциналауға жататын халықты вакцинамен қамтуды арттыру, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейту, кәсіпкерлердің өтінімін ескере отырып, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін критерийлерді соңына дейін аяқтау ұсынылады», - деді Алексей Цой бүгін Үкімет отырысында.