Мұғалімдерді вакцинациялауды 25 тамызға дейін аяқтау қажет – Үкімет басшысы

Мұғалімдерді вакцинациялауды 25 тамызға дейін аяқтау қажет – Үкімет басшысы

Мұғалімдерді вакцинациялауды 25 тамызға дейін аяқтау қажет – Үкімет басшысы
ашық дереккөзі
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн. адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды», - деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы екенін атап өту қажет. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек. Вакцина қорын толықтыру шаралары қабылданып жатыр. «Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет», - деді Асқар Мамин.