Алматыда трамвай жолдары алынып жатыр

Алматыда қалған трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмысы қайта жалғасты. Іnstagram желісінде Төле би көшесіндегі трамвай рельсін бұзып алып жатқаны жөнінде видео жарияланды. Қалалық мобильділік басқармасы трамвай рельстерінің бұзылып жатқанын растады.

«Биыл Төле би көшесінің бойы, яғни Ясауи көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейін (ұзындығы 8,5 шақырым) жолда жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов көшесінен М.Әуезов көшесіне дейінгі аралықта трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмысы жүріп жатыр», – деп хабарлады басқармадан.

Back to top button