Халық санағын жүргізуге қатысқандарға қанша еңбекақы төленеді?

Халық санағын жүргізуге қатысқандарға қанша еңбекақы төленеді?

Халық санағын жүргізуге қатысқандарға қанша еңбекақы төленеді?
ашық дереккөзі
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Ұлттық халық санағына педагогтар арнайы жұмылдырылмайтынын айтты. «Ұлттық халық санағына тартылған 32 мың адамның ешқайсы да педагог емес. Біз педагогтарды арнайы жұмысқа тартуды көздеген жоқпыз. Бірақ, педагог жұмысынан бос болса немесе еңбек демалысында жүрсе, онда ол халық санағын өткізуге қатысуға және сол үшін еңбекақы алуға құқылы. Заңмен шектеу қойылмаған. Жалпы, бюджеттік мекеме қызметкерлерін халық санағына жұмылдырмаймыз», - деді ол. Оның нақтылауынша, Ұлттық халық санағын жүргізуге 32 300 адам жұмылдырылады. Олардың әрқайсысы 833 адамды санақтан өткізуі керек болады. Сол үшін оларға 109 мың теңге еңбекақы төленеді. Жалпы ұлттық халық санағына бөлінген қаражат 9,1 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат 19 млн 51 мың адамға есептелінген. 1 адамға 1,1 АҚШ долларынан айналады.  width=