Оқушылар қандай жағдайда онлайн форматқа ауысады - Жандарбек Бекшин

Оқушылар қандай жағдайда онлайн форматқа ауысады - Жандарбек Бекшин

Оқушылар қандай жағдайда онлайн форматқа ауысады - Жандарбек Бекшин
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептер онлайн білім беру жүйесіне көшірілу мүмкін екенін айтты.  «Егер сыныпта коронавирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда сол сынып онлайн режимге ауыстырылады. Ал егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин. Сонымен қатар, ол созылмалы ауруы бар оқушылар қалай оқитынын тілге тиек етті. «Ата-аналардан өтініштер түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай өтініш жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға форматқа көшеді» - деп қосты спикер.