Жаңалықтар

Бірқатар сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

ашық дереккөзі

Бірқатар сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бірқатар сүт өнімдерінен ішек таяқшалары мен ашытқылар табылғанын жариялады. «Алексеевский молочноконсервный комбинаты» ЖАҚ (РФ, Белгород облысы, Алексеевка қаласы) өндірген қант қосылған «Алексеевское» қоюлатылған сүт өнімінде және «Садовое» сүт кәсіпорнының (Ақмола облысы, Садовое ауылы) «Барские продукты» сүтінде ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды, ал Карагач сүт зауыты (РФ, Кабардин-Балкар Республикасы Карагач ауылы) өндірген «Домик на Хуторе» қаймағы өнімнің таңбалануында көрсетілген жазылған майлылығына сәйкес келмеді, бұл тұтынушыларды алдау болып табылады. Техникалық регламенттер талаптары бұзылуының анықталу  фактілері бойынша Комитет сауда субъектілеріне қатысты іс-шаралар, оның ішінде қауіпті өнімді алып қою бойынша іс-шаралар жүргізуде. Аталған сәйкес келмейтін қауіпті өнім жөнінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарланды, өндірушілерге қауіпті өнімді өткізуге жол бермеу және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берілді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ Мәскеу облысының «Эрман» ЖШС өндірген  таңқурай  және шоколад  қосылған майлы «Эрмигурт» йогуртының және Ақмола облысының Есіл Сары май комбинатының «Снежок» қышқыл сүт өнімінің зең жұқтырғаны анықталды.