Алматыда коронавирустан бір айлық сәби шетінеп кетті - Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда коронавирустан бір айлық сәби шетінеп кетті - Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда коронавирустан бір айлық сәби шетінеп кетті - Денсаулық сақтау басқармасы
ашық дереккөзі
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев осыдан 1 ай бұрын бір айлық сәбидің шетінеп кеткені туралы айтты. «Осыдан бір ай бұрын Алматыда бір айлық бала коронавирустан шетінеп кетті. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық», - дейді басқарма басшысы. Оның айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған 195 бала ауруханада ем қабылдап жатыр. «Қазақстанда, әсіресе Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артып келеді. Бүгінде 195 науқас бала ауруханада жатыр. 2 540 бала үйден ем алуда. Екі бала жансақтау бөлімінде», - деп түсіндірді Нариман Табынбаев.