Шымкентте мектептерге босқындар орналасады деген ақпарат жалған - әкімдік

Шымкентте мектептерге босқындар орналасады деген ақпарат жалған - әкімдік

Шымкентте мектептерге босқындар орналасады деген ақпарат жалған - әкімдік
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде "Шымкенттегі мектептердің біріне босқындар орналастырылады" деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жоққа шығарды. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бекен Қоныстың айтуынша, мектептердің бірінде жаңа оқу жылына дайындық жұмысы жүргізілген. «Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыс атқарылуда», - дейді ол.