Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі төрт жылға бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі

16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Т.Қасенбайға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.

Ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан және 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал автокөлік иесі Тұрсынбек Қабатов ірі көлемде айыппұл төлейтін болды. Сот отырысында ол мас күйде көлік жүргізгенін толық мойындады. Сотталушы Қасенбай марқұмның анасына 3 500 000 теңге төлейді. Ал көлік иесі Тұрсынбек Қабатов пен сотталушы Қасенбай марқұмның жарына 8 000 000 теңге төлейді. Алматы ауданы сотының хабарлауынша, жәбірленушінің анасы мен жұбайының материалдық, моральдық зиян өндіріп алу туралы талаптары ішінара қанағаттандырылған. 2019 жылғы 13 қазанда Теміртау – Нұра – Нұр-Сұлтан тасжолы бойында Ерлан Омарқұлов есімді жігітті көлік қағып кеткен еді. Ауыр жарақат салдарынан 34 жастағы тұрғын сол жерде қайтыс болады. Артынша көлік иесі Тұрсынбек Қабатов екені анықталған еді. 2020 жылы Тұрсынбек Қабатов осы іске қатысты пікір білдіріп, көлігімен адам қаққан көмекшісі екенін мәлімдеген болатын.