Жамбыл облысында әлеуметтік желі белсендісі 4 ұлынан айырылған қос қарияға баспана алуға көмектесті

Жамбыл облысында әлеуметтік желі белсендісі 4 ұлынан айырылған қос қарияға баспана алуға көмектесті

Жамбыл облысында әлеуметтік желі белсендісі 4 ұлынан айырылған қос қарияға баспана алуға көмектесті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны, "Нағыз патриоттар" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғалия Абитаева 4 баласынан айырылған қарияларды баспаналы етті.  Балаларынан қалған екі немересін бағып отырған ата мен әже осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген болатын, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Әлеуметтік желі қолданушысы біршама уақыт бұрын пәтерден пәтерге көшіп жүрген Күләш апаның бүгінгі жайы туралы пост жариялап, көпшілікті қайырымдылық шарасына ат салысуға шақырған еді. Тағдыр тәлкегіне түсіп, көз жасына ерік берген ақ самайлы әженің бұл видеосы көпшілікті бей-жай қалдырмады. Ғ.Абитаева халықтың көмегімен аз уақыт ішінде 1 млн 300 мың теңге жиналғанын, қаражатқа  баспана алынғандығын айтып сүйіншіледі.