Қазақстандық балуан допингпен ұсталды. Бейжің олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айрылды

Қазақстандық балуан допингпен ұсталды. Бейжің олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айрылды

Қазақстандық балуан допингпен ұсталды. Бейжің олимпиадасындағы күміс жүлдесінен айрылды
ашық дереккөзі
Тағы да допинг дауы. Допингпен ұсталып, медальінен айрылған спортшыларды тізімі күн сайын жарияланып жатқаны спорттың жағдайы мен келешегіне алаңдаушылық тудырады. Қазақстандық балуан Таймұраз Тигиев допинг тексерістері өткен соң 2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз релизіне сілтеме жасап. Айта кетейік, қазақстандық балуан 96 келі салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдені иеленген болатын. Сонымен қатар, Таймұраз Тигиевтен басқа Олимпиада ойындарына қатысқан тағы бес спортшының жүлделерінен айырылғаны айтылады. Допинг сынамаларында тыйым салынған заттар табылған спортшылардың ішінде Өзбекстан атынан қатысқан қола жүлденің иесі Сослана Тигиева, украиналық ауыратлет Ольги Коробка, ресейлік Екатерина Волкова, ауыратлет Андрей Рыбаков пен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Анастасия Новикова бар.