Шымкент әкімдігі "ауған босқындарын қабылдауға дайындық" туралы мәлімдеме жасады

Шымкент әкімдігі "ауған босқындарын қабылдауға дайындық" туралы мәлімдеме жасады

Шымкент әкімдігі "ауған босқындарын қабылдауға дайындық" туралы мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Шымкент әкімдігі кешелі-бері тарап жатқан "Ауғанстаннан келетін босқындарды қабылдауға дайындық" туралы қауесетке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ауғанстаннан келген босқындарды қарсы алуға дайындық туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Тоғыс елді мекеніндегі № 120 мектепте жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Тоғыстың № 120 мектебінде және Қастеев атындағы колледждің бұрынғы жатақханасында 500 босқынға орын дайындалып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. Содан кейін Президенттің баспасөз хатшысы да ақпарат жалған екенін мәлімдеді.