Алматыда бір тәулік ішінде жедел жәрдем шақырғандар саны 8 мыңға жеткен

Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде пандемия кезіндегі фельдшерлердің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Андрей Ложкиннің айтуынша, егер жыл басында жедел жәрдем қызметі орта есеппен 3 200 қоңырау қабылдаса, қазір жүктеме 2 есе өскен: күніне шамамен 6 400 қоңырау түседі.

«Ең жоғары көрсеткіш шамамен бір апта бұрын, өтініштер саны 8 мыңға жеткен кезде тіркелді. Сонымен қатар, жедел жәрдем бригадаларының да жүктемесі артты, бұл – жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда едәуір көп», – деді Ложкин.

Back to top button