Мемлекет басшысы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.
«Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын» - деп жазылған Президенттің көңіл айту жеделхатында.