17 тамызда қандай елеулі оқиғалар болды?

17 тамызда қандай елеулі оқиғалар болды?

17 тамызда қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
2000 жылы Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді; 2006 жылы "Әлем діндері" және "Діни ғимараттар" атты екі пошта маркасы айналымға енгізілді; 2009 жылы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылы жанындағы "Хан сүйегі" төбесінде Уәли хан кесенесі бой көтерді; 2010 жылы Астана 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге өтініш берді; 2011 жылы ТМД атқарушы комитеті мен ЕурАзЭҚ және астаналар мен ірі қалалар халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың нәтижесі бойынша ТМД мен ЕурАзЭҚ үздік қаласы болып Шымкент танылды.