Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан өмірден өтті

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды.

Қайғылы хабар facebook желісінде тарады.

Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылы «Қазақстан ТРК-ның» «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды. «Құмсағат» бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылы «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді. Футболдан «Франция-98» Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді.

Back to top button